Жаңалық 12 қыркүйек 2026
Заварзин: Самородовтың «Спартакқа» трансфері МРТ-дан өте алмағандықтан бұзылды

Фото: sports.kz
«Ахмат» шабуылшысы Максим Самородовтың «Спартакқа» ауысуы жүзеге аспады. Клубтың экс-бас директоры Юрий Заварзин мұның себебін түсіндірді.
«Максим Самородовтың «Ахматтан» ауысуы бұзылды — ол медициналық тексеруден өту барысында МРТ-дан өте алмады. Легионерлер саны шектеліп жатқан қазіргі кезде бірінші кезекте қажетті паспорты бар жігіттер қабілетіне қарай қарастырылады. Әрине, ол команданы күшейте алар еді», — деді Заварзин.
Тағы оқыңыз
Самородовтың «Спартакқа» трансферінің бұзылуы: Газзаев мәлімдеме жасады
2026 жылғы маусымда Самородов «Ахмат» құрамында 8 матч өткізіп, 1 гол соқты. Ал клуб құрамында жалпы 74 матчта 14 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


