Жаңалық 25 тамыз 2026
Самородовтың агенттері «Спартакқа» балама іздеп жүр — «Локомотив» нұсқасы талқыланды

Фото: e0.365dm.com
Қазақстан құрамасының шабуылшысы, «Ахмат» ойыншысы Максим Самородовтың трансфері әлі толық шешілмеген — оның агенттері «Спартакпен» қатар «Локомотив» нұсқасын да қарастырып отыр.
БАҚ мәліметінше, Самородов «Спартакпен» жеке келісімшарт талаптарын келіскен, ал мәскеулік клуб қазақстандық шабуылшы үшін бонустарды қоса есептегенде 8 миллион еуро төлеуге дайын. Дегенмен трансфер әзірге жарияланған жоқ.
Самородовтың агенті Тимур Гурцкая балама нұсқа ретінде «Локомотивті» атады.
Тағы оқыңыз
Заварзин: Самородовтың «Спартакқа» трансфері МРТ-дан өте алмағандықтан бұзылды
«Қазір Ресейде мұндай командалар бар. — «Локомотив»? — Иә, «Локомотив»... Бірақ ол «Ахматта» да жақсы ақша алады. Демек, ол жағдайын түбегейлі жақсартуы керек», — деді Гурцкая.
«Спартакқа» ауысқан жағдайда Самородов Маркиньос пен Пабло Солари сынды шабуылшылармен орын үшін бәсекеге түсер еді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


