Жаңалық 10 тамыз 2026
Самородовтың мойнындағы татуировкаға ресейлік «Матч ТВ» назар аударды
Ресейдің «Матч ТВ» телеарнасы Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов туралы жазба жариялады. Себебі — оның мойнындағы қызыл ерін іспеттес татуировка.
РПЛ-нің үшінші туры аясында өткен «Ахмат» (Грозный) — «Факел» (Воронеж) кездесуі 0:0 есебімен аяқталды. Самородов «Ахматтың» негізгі құрамында шығып, матчты толық ойнады. Ал команда құрамындағы тағы бір қазақстандық Ғалымжан Кенжебек ойын бойы қосалқы ойыншылар орындығында отырды.
«Матч ТВ» өз Telegram-арнасында Самородовтың мойнындағы татуировканы ірі планмен көрсеткен кадр жариялады.
Тағы оқыңыз
Заварзин: Самородовтың «Спартакқа» трансфері МРТ-дан өте алмағандықтан бұзылды
«Самородовты футбол сүйіп қойды», — деп жазды телеарна.
Осы тең ойыннан кейін «Ахмат» үш турда небәрі 2 ұпай жинап, кестенің 13-орнында тұр. «Факел» болса маусымдағы алғашқы ұпайын жинап, 15-орында келеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


