Bapker Open: ашық Fantasy Premier League лигасы
Ресми Fantasy Premier League ішіндегі ашық қазақстандық лига. Қатысу — тегін, ал әр турдың үздік менеджері 10 000 ₸ жеңіп алады.
Fantasy Premier League (FPL) — Англия Премьер-лигасы (АПЛ) бойынша ресми тегін ойын: шынайы футболшылардан виртуалды команда жинайсың, олар нақты матчтардағы өнерімен саған ұпай әкеледі. Bapker Open — сол ойынның ішіндегі біздің ашық лига.
🏆 Әр тур — 10 000 ₸ жүлде
Турдың үздік менеджеріне. Қатысу тегін, төлем — Kaspi аудармасымен.
Турдың үздік менеджеріне. Қатысу тегін, төлем — Kaspi аудармасымен.
Жүлдеге жол — 5 қадам
- Telegram-арнаға жазыл: @bapkerkz →
- Instagram-ға жазыл: bapker_kz →
- Threads-ке жазыл: bapker_kz →
- Лигаға кір (батырма төменде) →
- Осы беттегі формада тіркел →
Лига коды:
5ebmtw
Жаңадан бастайтындарға: алдымен fantasy.premierleague.com сайтында тегін тіркеліп, 15 ойыншыдан команда жина (бюджет — £100.0), содан кейін лигаға кір.
Байқауға тіркелу
Тур дедлайнына дейін толтыр — жүлде тек тіркелген қатысушыға беріледі. Никтерді дәл жаз.
Не болады
- Апта сайын жүлде: турдың үздік менеджеріне — 10 000 ₸
- Live-кесте: матч кезінде лига кестесі осы бетте тікелей жаңарады — ұпайлар, капитандар, чиптер, болжамды бонустар
- Тур сайын қорытынды: «Тур менеджері», үздік капитандар, дифференциалдар
Жүлде ережелері
- Жүлдеге үміткер болу шарты: тур дедлайнына дейін лигаға кіру, Telegram (@bapkerkz), Instagram (bapker_kz) және Threads (bapker_kz) парақшаларына жазылу және осы бетте тіркелу. Шарттар дедлайн сәтіндегі күй бойынша тексеріледі.
- Тур жеңімпазы — шарттарды орындаған қатысушылардың ішінде осы турда ең көп ұпай жинаған менеджер (ресми FPL ұпайы, трансфер айыптары есепке алынады).
- Ұпай тең болса — жүлде тең бөлінеді.
- Жеңімпаз 7 күн ішінде @Bapker2026_bot ботына жазып, команда атауын растайды. Жүлде Kaspi арқылы аударылады.
- Бір адам — бір команда. Қосымша аккаунттар байқалса, нәтиже есепке алынбайды.
- Қатысу тегін, жүлде — Bapker сыйлығы.
FPL сөздігі — терминдер қарапайым тілмен
Gameweek (GW) — Тур: бір ойын аптасының матчтар топтамасы. GW1 — бірінші тур.
Deadline — Құрам «қатып қалатын» сәт — әдетте турдың алғашқы матчынан 90 минут бұрын. Одан кейін өзгерту келесі турға жазылады.
Captain (C) / Vice (V) — Капитан ұпайы екі есе саналады. Капитан ойнамай қалса, ×2 вице-капитанға өтеді.
Transfer / Hit (−4) — Тур сайын 1 тегін трансфер. Әр қосымша трансфер — минус 4 ұпай.
Bench Boost (BB) — Чип: осы турда 15 ойыншының бәрі ұпай әкеледі — қордағылар да.
Triple Captain (TC) — Чип: капитан ұпайы ×2 емес, ×3.
Wildcard (WC) — Чип: бүкіл құрамды айыпсыз қайта жинау.
Free Hit (FH) — Чип: құрамды бір турға ғана қайта жинау — келесі турда бәрі орнына оралады.
Auto-subs — Автоалмастыру: негізгі құрамдағы ойыншы ойнамаса, оның орнына қордағы ойыншы автоматты түрде кіреді.
Bonus (BPS) — Әр матчтың үздік үш ойыншысына қосымша 3/2/1 ұпай. BPS — сол үздіктерді анықтайтын статистика жүйесі.
Clean sheet — Құрғақ матч: команда гол өткізбесе, қақпашы мен қорғаушыларға қосымша ұпай.
Differential — Аз адам алған ойыншы: ол жарқырап кетсе, қарсыластарыңды бірден басып озасың.
Бірдеңе істемей тұр ма?
Қате, глюк немесе түсініксіз жер болса — осында жаз, тез жөндейміз.
Алғашқы тур (GW1) дедлайны — 21 тамыз. Командаңды осы уақытқа дейін жина.
Қатысу толықтай тегін.
Қатысу толықтай тегін.