Трансфер 11 қыркүйек 2026
Зайнутдинов «Бешикташтан» Мәскеудің «Динамосына» 2,5 миллион еуроға ауысты

Фото: cdn.ruwiki.ru
Тараз футболының түлегі Бақтияр Зайнутдинов түрік клубы «Бешикташтан» Мәскеудің «Динамосына» ауысты. Трансфер 2,5 миллион еуроға бағаланды.
«Бешикташ» үшін бұл мәміле қаржы жағынан тиімсіз болды: клуб қазақстандық ойыншыны 2023 жылы ЦСКА-дан 4,5 миллион еуроға сатып алған еді. Осылайша Зайнутдинов қазақ футболы тарихындағы ең қымбат трансфер рекордын әлі күнге дейін ұстап тұр.
Тағы оқыңыз
Зайнутдинов құрамнан тыс қалды: «Динамо» «Спартакты» 2:1 жеңді
Салыстырып көрсек, «Қайраттан» «Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевтың трансфері 4,3 миллион еуроға бағаланған — бұл көрсеткіш те Зайнутдиновтың рекордынан төмен.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


