Жаңалық 12 қыркүйек 2026
Карпович: Капитан Оразовтың оралуына қуаныштымыз — «Елімай» жеңіске жетті
Қазақстан премьер-лигасының 26-турында «Елімай» өз алаңында «Жетісуды» 2:1 есебімен жеңді. Бұл кездесуде команда құрамына капитан Рамазан Оразов оралды.
Матчтан кейін бас бапкер Андрей Карпович командасын жеңіспен құттықтап, ойыншылардың еңбегін атап өтті. Оның айтуынша, кездесу оңай болмаған, бірақ бастысы — үш ұпайдың еншіленгені.
«Барлық жанкүйерді және жігіттерді жеңіспен құттықтағым келеді. Ойын қиын болды, бірақ ең бастысы — үш ұпай. Әрине, Рамазан Оразовтың оралуына да қуаныштымыз. Біз оны қатты сағындық. Ол — біздің капитанымыз, сондықтан бұл команданы жігерлендіретін оң сәт», — деді Карпович.
Тағы оқыңыз
Карпович: «Мансабымдағы ең ұятты матч»
Бұл жеңістен кейін «Елімай» 24 матчта 35 ұпай жинап, кестеде 6-орында тұр. Ал «Жетісу» 25 кездесуде 22 ұпай жинап, 15-позицияда орналасқан.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


