БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 30 тамыз 2026

Смаков: «Астана» қатені бірден жазалайды

«Атырау» бас бапкері Самат Смаков өз командасының Қазақстан премьер-лигасының 24-турында «Астанадан» 2:3 есебімен жеңілуіне түсінік берді.

«Бүгінгі ойынға келсек, «Астана» сияқты командаға қарсы қате жіберуге болмайды. Ол қатені бірден жазалайды, бүгін де солай болды. Бірінші гол өз қақпамыздың алдында көлденең берілген пас салдарынан келді. Екінші гол «Астананың» бүкіл маусым бойы қолданып келе жатқан жылдам комбинациясынан кірді. Бұл туралы балаларға айтылған болатын. Олар осы жылдам ойынды байқамай қалды. Ал үшінші голда қарсыласқа өз алаңымыздың жартысында қысымнан шығуға мүмкіндік бердік», — деді Смаков.

Бапкер ойыншыларының берілгендігіне кінә артпайтынын жеткізді.

Тағы оқыңыз
Смақов: «Қызылжарға» қарсы дуэльде бақ бізден айналған жоқ

«Берілгендікке келсек, балалардың ешқайсысына кінә айта алмаймын. Мен оларға бүгінгі берілгендігі үшін алғыс айттым. Иә, нәтиже бізге ұнамайды. Бұл — футбол. Балалар мұны түсінеді. Ойыннан кейін шағын әңгіме болды, өйткені мен оларға осы уақытқа дейін өздеріне сенбейтіндерін айтып келемін. Бүгінгі ойыннан кейін, менің ойымша, кез келген командамен тең дәрежеде ойнауға, тіпті ұтуға болатынына сенді», — деп қосты ол.

22 матчтан кейін «Атырау» 20 ұпаймен турнир кестесінің 12-орнында тұр. Ал «Астана» 42 ұпай жинап, 3-орында келеді.

Тағы оқыңыз

«Атырау» бас бапкерін ауыстырды: Смаков Чебуринді алмастырады
Смақов «Атыраудың» бапкерлер штабын жасақтады
Смақов «Бешикташпен» келісім жасады: әкесі «Мақтанышым менің!» деп құттықтады
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz