БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 5 қыркүйек 2026

Смақов: «Қызылжарға» қарсы дуэльде бақ бізден айналған жоқ

«Атырау» бас бапкері Самат Смақов ҚПЛ-ның 25-турында «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңгеннен кейін бақтың өз жақтарында болғанын мойындады.

«Бұл матч біз үшін өте ауыр болды. Біз бұл кездесуге дайындалдық, «Қызылжардың» қалай ойнайтынын білдік, сондықтан жаттығу процесін дәл осы қарсыласқа бейімдедік», — деді Смақов.

Бапкердің айтуынша, команда техникалық-тактикалық тұрғыдан қателіктер жіберген. «Иә, қателер болды, бірақ бүгінгі бір жетістігіміз — бақ біздің жағымызда болды: қорғаушыларымыз стандартты жағдайлардан кейін бос қақпадан допты екі рет теуіп шығарды», — деп атап өтті ол.

Тағы оқыңыз
Смаков: «Астана» қатені бірден жазалайды

«Бүгін жеңіске жету біз үшін өте маңызды еді. Бұл үш ұпай ауадай қажет болды. Енді команданың психологиялық жағдайы мүлдем басқаша болады», — деді Смақов.

Жеңістен кейін «Атырау» 23 матчтан 23 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орында тұр. «Қызылжар» болса 24 ойыннан 23 ұпаймен 12-орында келеді.

Тағы оқыңыз

Смақов «Атыраудың» бапкерлер штабын жасақтады
Смақов «Бешикташпен» келісім жасады: әкесі «Мақтанышым менің!» деп құттықтады
Самат Смақов «Тұран» құрамынан кетті
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz