БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram

FPL-ге тіркелу: қадамдық нұсқаулық

Fantasy Premier League сайты — ағылшынша, бірақ қорықпа: төменде әр батырманың аудармасы бар. 10 минутта тіркелесің. Бәрін телефонда браузер арқылы да, «Premier League — Official App» қосымшасында да жасауға болады.

1-қадам. Аккаунт ашу

  1. fantasy.premierleague.com сайтын аш (немесе ресми қосымшаны жүкте) және «Sign Up» / «Register» (Тіркелу) батырмасын бас.
  2. «Email» — эл. поштаңды жаз. «Confirm email» — поштаңды қайта жаз.
  3. «First name» — атың, «Last name» — тегің (латын әріптерімен, мысалы Daniyar Serikov).
  4. «Date of birth» — туған күнің (күн / ай / жыл).
  5. «Country/Region» — тізімнен Kazakhstan таңда.
  6. «Password» — құпиясөз ойлап тап (кемінде 8 таңба, әріп пен цифр аралас).
  7. Керек келісім-белгіні қой (Terms — қызмет ережелері) және «Create account» / «Register» бас.
  8. Поштаңа Premier League-тен хат келеді — ішіндегі «Confirm» / «Verify email» сілтемесін бас. Аккаунт дайын! ✅

2-қадам. Командаңды жина (£100.0)

  1. Кіргеннен кейін «Pick Your Squad» (Құрам жинау) ашылады: 15 ойыншы керек — 2 қақпашы (GK), 5 қорғаушы (DEF), 5 жартылай қорғаушы (MID), 3 шабуылшы (FWD).
  2. Бюджет — £100.0. Бір клубтан 3 ойыншыдан артық алуға болмайды.
  3. Жаңа болсаң — «Auto Pick» (Автоқұрам) бас: жүйе өзі жинайды, кейін кез келген ойыншыны ауыстыра аласың. Кеңес: Сәтпаев (Челси) мен Хусановты (Ман Сити) іздеп көр! 🇰🇿
  4. «Enter Squad» / «Save Your Team» — сақтау.
  5. «Team Name» — командаңа атау бер (осы атауды кейін біздің тіркелу формасына жазасың!). Сүйікті клубыңды таңдау — міндетті емес. «Confirm».

3-қадам. Bapker Open лигасына кіру

  1. Ең оңайы: біздің беттегі «Лигаға қосылу» батырмасын бас — код автоматты қолданылады.
  2. Қолмен: FPL ішінде «Leagues & Cups» (Лигалар) → «Join a league or cup» (Лигаға кіру) → «Join private league» (Жабық лигаға кіру) → код: 5ebmtw → «Join league».
  3. Кестеде «Bapker Open» пайда болса — сен лигадасың! ✅

4-қадам. Жүлдеге тіркел

  1. bapker.kz/fpl/ бетіне орал: Telegram, Instagram, Threads парақшаларымызға жазыл және тіркелу формасын толтыр (FPL-дегі команда атауыңды ДӘЛ жаз).
  2. Барлығын тур дедлайнына дейін орында — сонда жүлде ойынына қатысасың. Тур сайын үздік менеджер 10 000 ₸ алады!

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақша төлеу керек пе?
Жоқ. FPL — толық тегін ойын, біздің лига да тегін. Ешқандай карта деректері сұралмайды.
Ағылшыншам мүлдем жоқ, қиын ба?
Осы нұсқаулықпен — оңай. Ойын ішінде керек сөздер аз, бәрі лендингтегі сөздікте түсіндірілген.
Телефоннан ойнауға бола ма?
Иә: браузерден де, ресми «Premier League» қосымшасынан да (App Store / Google Play).
Дедлайннан кешіксем ше?
Келесі турдан қосыласың — жүлде апта сайын ойналады, ешқашан кеш емес.
← Bapker Open басты бетіне