Жаңалық 30 қыркүйек 2026
Вайсс: Кәрімовтің голы словак командасын састырды

Фото: mediamanager.ws
Словакия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс Ұлттар лигасының екінші турындағы Рамазан Кәрімовтің әдемі голына тоқталды.
Словакия мен Қазақстан құрамаларының кездесуінде қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Есепті 26-минутта Лео Зауэр ашты, ал 35-минутта айып аймағынан тыс жерден соққан Рамазан Кәрімов есепті теңестірді. Жеңіс голын 82-минутта Дэвид Ганцко соқты.
«Бұл эпизод словак құрамасын қатты састырды», — деді Вайсс Кәрімовтің голы туралы.
Тағы оқыңыз
Вейс: «Ақтөбе» маған екі рет ұсыныс жасады
Екі турдан кейін Словакия алты ұпай жинап, Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында көш бастап тұр. Қазақстан құрамасының активінде бір ұпай бар.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


