Вейс: «Ақтөбе» маған екі рет ұсыныс жасады

Журналист Элдар Аманбаевтың айтуынша, «Ақтөбенің» қызығушылығы туралы сұраққа Вейс жауап берген. Оның сөзінше, клуб оған екі рет ұсыныс жасаған. Бірінші жолы маман «Слован» клубымен келісімшартын соңына дейін орындағысы келгендіктен бас тартқан. Ал биылғы ұсыныс Словакия футбол федерациясымен ауызша келісімге қол жеткізгеннен кейін түскен.
Вейс бұдан бұрын, 2012 жылдың қарашасынан 2015 жылдың қарашасына дейін, алматылық «Қайратты» басқарған болатын. Ол клубпен бірге Қазақстан кубогін екі мәрте жеңіп алып, чемпионатта күміс медаль иеленген.
Маман Словакия құрамасын екі мәрте басқарды: алғашқы кезеңі 2008–2012 жылдарға тура келсе, екінші рет 2026 жылдың 12 мамырынан бастап осы қызметке қайта оралды. 2010 жылы Вейс жетекшілік еткен Словакия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына жеткен.


