БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 30 қыркүйек 2026

Азиада-2026: Оңтүстік Корея финалға жолдама алды

Фото: sports.kz
Азия ойындары-2026 футбол турнирінің (U-23) бірінші жартылай финалында Оңтүстік Корея құрамасы Қытайды 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Қытай құрамасының есебін 23-минутта Ван Юй Вэй ашты. Үзіліске дейін Ли Ён Джун жауап голын соғып, есепті теңестірді. Кездесудің тағдыры 82-минутта шешілді — Пэ Чун Хо жеңіс голын соғып, Оңтүстік Кореяны финалға шығарды.

Екінші жартылай финалда Өзбекстан мен Жапония құрамалары кездеседі. Осы кездесудің жеңімпазы финалда Оңтүстік Кореямен қарсыласады.

Тағы оқыңыз

ӘЧ-2026: Франция турнирден шықты, Испания финалға жолдама алды
Қазақстанның маунтинбайк құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарына жолдама алды
Айсалбаев пен Ибрагимова Азия чемпионатында финалға жолдама алды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz