ӘЧ-2026: Франция турнирден шықты, Испания финалға жолдама алды
Францияның бас жұлдызы Килиан Мбаппе командаластарын жеңілістен дұрыс қорытынды шығаруға шақырды.
Осы аралықта Испания құрамасы финалға жолдама алды. Ла Лига президенті Хавьер Тебас бұл жетістікті кездейсоқтық емес деп бағалады.
«Испания үлкен жетістіктердің кездейсоқ емес екенін тағы да дәлелдеп отыр. Бұл — ойыншылар мен бапкерлерді дайындаудың әлемдегі ең үздік жүйесін құру жолында ондаған жыл бойы жасалған жұмыстың нәтижесі», — деді ол.
Ал жартылай финалда Аргентина құрамасы Англиямен кездеседі. Матч сағат 22:00-де басталады. Аргентина футбол федерациясы (AFA) осы кездесу алдында Лионель Мессиге қатысты сезімге толы үндеу жариялады: «Лео Аргентина құрамасында ойнағанда уақыт тоқтап қалуын, соңғы ысқырық ешқашан естілмеуін, бұл соңғы матч болмауын Құдайдан тілейміз».


