Жаңалық 29 қыркүйек 2026
Айсалбаев пен Ибрагимова Азия чемпионатында финалға жолдама алды
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық мергендер трап пәнінен өнер көрсетті. Алишер Айсалбаев пен Элеонора Ибрагимова іріктеу кезеңінен өтіп, жеке жарыстың финалына жолдама алды.
Ерлер арасында Айсалбаев 117 ұпай жинап, іріктеуде 7-орынды иеленді. Оның соңынан Даниил Почивалов 116 ұпаймен 12-орында, ал Марк Почивалов 115 ұпаймен 15-орында тұр.
Әйелдер арасында Элеонора Ибрагимова 110 ұпай жинап, 9-орынмен финалға жолдама алды. Наргиза Сарманова 105 ұпаймен 19-орында, Милана Папчихина 104 ұпаймен 21-орында мәреге жетті.
Жеке жарыстардың финалы 29 қыркүйекте өтті.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


