Матч 17 қыркүйек 2026
«Оқжетпес» — «Жеңіс» кездесуін оралдық төреші басқарады
Қазақстан премьер-лигасының 27-турында өтетін «Оқжетпес» — «Жеңіс» кездесуіне төрешілер тағайындалды.
Кездесу 18 қыркүйекте сағат 16:00-де Көкшетаудағы «Оқжетпес» стадионында өтеді.
Бас төреші қызметін оралдық Болат Сариев атқарады. Оған алматылық Сергей Васютин мен павлодарлық Евгений Карлов көмекші төреші ретінде септеседі. Төртінші төреші болып қызылордалық Нұржан Жұмашев тағайындалды.
ВАР жүйесіне алматылық Кирилл Ткачёв, AVAR қызметіне де алматылық Самат Тергеусізов жауапты болады. Матч инспекторы — оралдық Болат Қарлыбаев.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


