Әлем футболы 10 тамыз 2026
«Қайрат» — «Левски» қайтарым кездесуін неміс төрешісі басқарады
11 тамызда Түркістанда өтетін УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» — «Левски» қайтарым кездесуін 42 жастағы неміс төрешісі Даниэль Зиберт басқарады.
Оған көмекші ретінде Ян Зайдель мен Рафаэль Фёльтин тағайындалды.
Зиберттің тәжірибесі мол: ол өткен маусымда «Пари Сен-Жермен» мен «Арсенал» арасындағы Чемпиондар лигасының жартылай финалын да басқарған.
Бірінші кездесуде болгариялық «Левски» 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Қайтарым кездесу Түркістанда өтеді, оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


