БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 9 тамыз 2026

Ван 'т Шкип бас бапкер ретінде «Астана» — «Оқжетпес» кездесуін бақылады

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван 'т Шкип «Астана Арена» стадионында өткен «Астана» мен «Оқжетпес» арасындағы Қазақстан премьер-лигасының матчына бүкіл бапкерлер штабымен келді.

Голланд маманымен бірге трибунада ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн мен техникалық директор Геннадий Скыртул отырды. Сондай-ақ бас бапкердің көмекшілері Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене шынықтыру дайындығы жөніндегі маман Вадим Боровский және талдаушы-бапкер Тимур Құсайынов та матчта болды.

Тағы оқыңыз
Ван 'т Схип: Каримовтың әдемі голы болмаса, жеңіліс ауыр тиер еді

ҚФФ хабарлағандай, ҚПЛ матчтарына бару жаңа бапкерлер штабы жұмысының бір бөлігі саналады. Мұндай сапарлардың басты мақсаты — отандық футболшылардың деңгейін бағалап, ұлттық құрамаға әлеуетті үміткерлерді анықтау.

Тағы оқыңыз

Ван 'т Шкип: Құрама есігі жоғары деңгейде ойнаған әрбір футболшыға ашық
Ван 'т Шкип құрама сапын жасақтау үшін ҚПЛ-ның екі матчына барады
Сәтпаевпен Ван Схип FaceTime арқылы сөйлесті: бапкер құрама құрамын қашан жариялайтынын ай
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: amanvibe.kz