Жаңалық 17 қыркүйек 2026
КПЛ-дің 27-туры: 12 ойыншы жазаланды, «Ордабасы» «Қайраттан» бір-ақ ұпай алда

Фото: sports.kz
Қазақстан премьер-лигасының 17–18 қыркүйекте өтетін 27-турына дисквалификацияға байланысты 12 футболшы қатыса алмайды.
Тізімде мыналар бар: «Астанадан» — Қасым Әлиев, «Ордабасыдан» — Алекса Аманович, «Жетісудан» — Диего Луна Флорес пен Рауан Орынбасар, «Каспийден» — Амандес Набиханов, «Алтайдан» — Сергей Иванов, «Қызылжардан» — Неделько Пишевич, «Қайсардан» — Альяр Мұхамед пен Никола Цуцукич, «Ақтөбеден» — Яни Атанасов пен Еркебұлан Сейдахмет, «Ұлытаудан» — Артур Буньон.
Турнир кестесінде «Ордабасы» 58 ұпаймен көш бастап тұр. Одан бір ұпай артта қалған «Қайрат» қуып жетуге тырысып келеді. Үшінші орында — «Астана».
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


