Жаңалық 11 тамыз 2026
«Эвертон» мен «Кристал Пэлас» ойыншы алмасты: Джонсон мен Макнил клуб ауыстырды

Фото: skysports.com
«Эвертон» шеткі шабуылшы Бреннан Джонсонды «Кристал Пэластан» трансферлік алмасу келісімі негізінде сатып алды. Операция аясында Дуайт Макнил қарама-қарсы бағытта — «Эвертоннан» «Кристал Пэласқа» өтті.
Екі футболшы да жаңа клубымен төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.
Бреннан Джонсон «Кристал Пэласқа» осы жылдың қаңтарында «Тоттенхэмнен» 35 миллион фунт стерлингке ауысқан еді. Ал Дуайт Макнилдің «Кристал Пэласқа» өтуі өткен трансфер терезесінің соңғы күні дерлік жүзеге асқан болатын — құжаттар уақытында тапсырылмағандықтан, келісім сол кезде күшін жойды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


