Жаңалық 9 тамыз 2026
Еслямов: Ойыншы алаңнан шығарылғаннан кейін тең күрес бұзылды
«Ертістің» бас бапкері Марат Еслямов Қазақстан премьер-лигасының 21-турында «Елімайдан» 1:3 есебімен жеңілгенін түсіндірді.
«Белгілі бір уақытқа дейін тең ойын болды деп есептеймін. Бір апта бойы дайындалғанымыздың бәрін жігіттер алаңда орындап жатты. Бірақ содан кейін ойыншымыз алаңнан шығарылды, сәйкесінше бәрі бұзылды. Теңестіргіміз келді — үшінші голды жіберіп алдық», — деді Еслямов.
Тағы оқыңыз
Еслямов «Ертіс» бас бапкері қызметінен кетті
Матч барысында «Ертіс» құрамынан бір ойыншы алаңнан шығарылды. Осы жеңілістен соң «Ертіс» 20 матчтан кейін 17 ұпаймен турнир кестесінің 15-орнында тұр. «Елімай» болса 31 ұпай жинап, 6-орында тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


