БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 13 қыркүйек 2026

Юденков: «Оқжетпес» — чемпионаттың ең көрікті командаларының бірі

Фото: sports.kz
«Ертістің» қорғаушысы Руслан Юденков 13 қыркүйекте Павлодарда өтетін «Оқжетпеспен» кездесу алдында Sports.kz-ке пікір білдірді.

Кездесу Қазақстан премьер-лигасының 26-турында сағат 16:00-де басталады.

«Бұл өте маңызды матч, чемпионаттың күшті әрі икемді командасымен ойнаймыз. Тіпті ең көрікті команда десем де болады. «Оқжетпес» дерлік әр матч сайын өз ойын схемасын өзгертеді, әрі мұны жеңіл әрі ауыртпалықсыз жасайды. Бұл олардың футболшыларында интеллект бар екенін және бапкерлер штабының талаптарын түсінетінін көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, химиясы бар команда. Сондықтан бізді өте ауыр матч күтіп тұр, бірақ шегінуге де, қорқуға да қақымыз жоқ. Біз бұл матчты өмірдегі соңғы матчымыздай ойнаймыз», — деді Юденков.

Тағы оқыңыз
Юденков: «Алтайға» қарсы матч психологиялық тұрғыдан ауыр болды

Оның айтуынша, қарсылас команданың ойыншылары бапкерлік нұсқауларды тез қабылдап, схеманы оңай ауыстыра алады.

Тағы оқыңыз

Юденков: «Алтайға» қарсы матч психологиялық тұрғыдан ауыр болды
«Ақтөбе» — «Оқжетпес» матчының төрешілері белгілі болды
Ван 'т Шкип бас бапкер ретінде «Астана» — «Оқжетпес» кездесуін бақылады
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz