Жаңалық 19 қыркүйек 2026
Юденков: «Алтайға» қарсы матч психологиялық тұрғыдан ауыр болды

Фото: sports.kz
«Ертістің» капитаны Руслан Юденков ҚПЛ-нің 27-турында қонақта «Алтайды» 2:1 есебімен жеңгеннен кейін пікір білдірді.
«Біздің команда үшін өте күрделі әрі маңызды матч болды. Ең бастысы — біз керекті нәтижеге қол жеткіздік. Мұндай кездесулерде ойын екінші орынға ысырылады, тек нәтиже маңызды, ал бұл психологиялық тұрғыдан өте ауыр», — деді Юденков Sports.kz-ке берген сұхбатында.
Сонымен қатар капитан барлық жанкүйерді жеңіспен құттықтап, оларды «Қызылжарға» қарсы өтетін үй матчына шақырды.
Тағы оқыңыз
Юденков: «Оқжетпес» — чемпионаттың ең көрікті командаларының бірі
Бұл жеңістен кейін «Ертіс» 26 ұпаймен турнир кестесінде 11-орынға көтерілді. Ал «Алтай» 25 ұпаймен 12-орында тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


