Жаңалық 13 қыркүйек 2026
Самородов голға пас берді: «Ахмат» РПЛ-де 9-орынға көтерілді

Фото: Sportarena.kz (TG)
Ресей премьер-лигасының 8-турында қазақстандық жартылай қорғаушы Максим Самородов «Ахматтың» «Динамо» Махачкаласынан 3:2 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты. Flashscore порталы оның ойынын 7,6 балмен бағалады.
Самородов матчта бұрыштық доптан пас берді, содан кейін Калиду Сидибе «Ахматтың» алғашқы голын соқты. Қазақстандық футболшы қақпаға төрт рет соққы жасап, 18 пастың 13-ін дәл жолдады — дәлдігі 72%. Оның xG көрсеткіші — 0,21.
Самородов кездесуді негізгі құрамда бастап, 85 минут алаңда болды, оны ойыннан Ғалымжан Кенжебек ауыстырды.
Тағы оқыңыз
Самородовтың МРТ нәтижесі «Спартакқа» ұнамай, трансфер бұзылды
Команда ойыншыларының ішінде ең жоғары бағаны — 8,5 балды — гол соққан Сидибе алды.
Бұл жеңістен кейін «Ахмат» 10 ұпай жинап, турнир кестесінде тоғызыншы орынға көтерілді. Команданың келесі кездесуі 17 қыркүйекте қонақта «Акронға» қарсы өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


