Жаңалық 3 қыркүйек 2026
«Ахмат» Мәскеу «Динамосынан» 3:0 жеңілді: Самородов толық ойнады, Кенжебек таймнан соң алмастырылды

Фото: rusfootball.info
Ресей кубогының РПЛ жолы аясындағы топтық кезеңнің үшінші турында грозныйлық «Ахмат» мәскеулік «Динамодан» 3:0 есебімен жеңілді. Қазақстандық Максим Самородов кездесудің соңына дейін алаңда болды.
ВТБ Аренада өткен матчта «Динамо» голдарын Иван Сергеев (43-минут), Ярослав Гладышев (53-минут) және Константин Тюкавин (80-минут) соққан.
«Ахмат» сапындағы қазақстандық Ғалымжан Кенжебек 36-минутта сары карточка алды, ал бірінші таймнан кейін алмастырылды. Самородов болса матчтың соңғы минутына дейін алаңды тастамады.
Тағы оқыңыз
Заварзин: Самородовтың «Спартакқа» трансфері МРТ-дан өте алмағандықтан бұзылды
Бұл жеңістен кейін «Динамо» үшінші тур қорытындысы бойынша алты ұпаймен топ көшбасшысына айналды. «Ахматта» төрт ұпай қалды.
Үшінші тур аяқталды, ал кездесудің қайтарма матчы 14 қазанда Грозныйда өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


