Жаңалық 13 қыркүйек 2026
Ромащенко «Тоболдың» Устименкосыз-ақ «Қайратты» жеңгенін түсіндірді
«Тобол» бапкері Мирослав Ромащенко Алматының Орталық стадионында өткен ҚПЛ-дің 26-турындағы «Қайратпен» кездесуде қақпашы Данила Устименконың неге ойнамағанын айтты.
Кездесуде «Тобол» қонақжайларды 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Бірақ негізгі қақпашы Устименко бұл матчта да алаңға шыға алмады — ол қатарынан екінші ойынды өткізіп жіберді.
«Егер менің ақпаратым дұрыс болса, тек бізде ғана емес, басқа командаларда да белгілі бір вирус жүріп жатыр. Шын мәнінде, маған да өткен сапарда температура көтерілген еді. Кейін бәрі басылды, енді қайта көтеріліп жүр — білмеймін. Устименко осы матчқа дайындалып жатқан, бірақ бүгін таңертең вирус қайта білінді. Сондықтан ол бүгін өтінімге енбеді», — деді Ромащенко.
Тағы оқыңыз
Ромащенко: Реализация жетіспегендіктен ұпайсыз қалдық
Ағымдағы маусымда Устименко барлық турнирде 14 матч өткізген.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


