Жаңалық 16 тамыз 2026
Ромащенко: «Иртышпен» матчта бір сәттен басқа бәрі мінсіз болды
Қазақстан премьер-лигасының 22-турында «Тобол» қонақта «Иртышты» 2:0 есебімен жеңді. Жеңістен кейін «Тоболдың» бас бапкері Мирослав Ромащенко баспасөз конференциясында сөз сөйледі.
«Осы матчқа дайындалу барысында айтқанымыздың бәрін адал орындадық. Бәлкім, бірінші таймдағы бір ғана эпизодтан басқа. Бұл біз гол соққаннан кейінгі сәт, сол бір сәтті жіберіп алдық. Соны айтпағанда, 45 минутты мінсіз өткіздік десем де болады. Қарсыласқа ештеңе істетпедік, алаңның ортасын толық бақылауда ұстадық, қарсыласты өзіне тән емес футбол ойнауға мәжбүрледік. Бұл матчтағы нәтиже заңды. Сондықтан ойыншыларды құттықтаймын», — деді Ромащенко.
Тағы оқыңыз
Ромащенко: Реализация жетіспегендіктен ұпайсыз қалдық
Жеңістен кейін «Тобол» 21 матчтан соң 25 ұпаймен 9-орында тұр. «Иртыш» болса 17 ұпаймен 16-орында.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


