Жаңалық 12 қыркүйек 2026
«Ақтөбе» «Каспийді» жеңді

Фото: sports.kz
Қазақстан премьер-лигасының 26-турында «Ақтөбе» қонақта «Каспийді» 2:1 есебімен жеңді. Кездесу «Жас Қанат» стадионында өтті, матчты павлодарлық төреші Григорий Московченко басқарды.
39-минутта Даниэль Соса есеп ашты. Дәл сол минутта «Каспий» 11 метрлік айып добын соғу мүмкіндігіне ие болғанымен, Артур Шушеначев оны дәлдеп соға алмады.
72-минутта Бабаджиде Оджо есепті 0:2-ге жеткізді. 87-минутта Моргадо бір голды қайтарғанымен, «Каспий» жеңілістен құтыла алмады — 1:2.
Бұл жеңістен кейін «Ақтөбе» 41 ұпаймен турнир кестесінің бесінші сатысына көтерілді. «Каспий» болса 26 ұпаймен оныншы орында тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


