Матч 23 тамыз 2026
Зайнутдинов «Динамоның» жеңісті құрамына да ене алмады
Мәскеу «Динамосы» Ресей премьер-лигасының кезекті турында «Родинаны» 3:1 есебімен жеңгенде, қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтияр Зайнутдинов құрамға тіпті енгізілмеді.
Зайнутдинов бұған дейін де бірнеше матчта құрамға енгенімен, алаңға шықпай келген еді. Бұл жолы ол тізімнен де тыс қалды.
Зайнутдиновты «Динамоға» әкелу бастамасы бұрынғы бас бапкер Валерий Карпиннен шыққан. Клуб дәрігерлерінің медициналық қарсылығына қарамастан, Карпин оны жеке өзі талап етіп қосқан болатын. Кейін Карпиннің өзі клубтан кетті.
Тағы оқыңыз
Зайнутдинов «Бешикташтан» Мәскеудің «Динамосына» 2,5 миллион еуроға ауысты
Қазір «Динамоны» Шварц басқарады, ал жаңа бапкердің тұсында Зайнутдинов алаңға шыға алмай жүр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


