Жаңалық 10 қыркүйек 2026
Самородов: «Спартак» пен «Ахмат» трансфер бойынша келісе алмай жатыр

Фото: Sportarena.kz (TG)
Қазақстан құрамасының шеткі шабуылшысы Максим Самородовты сатып алу үшін мәскеулік «Спартак» пен грозныйлық «Ахмат» келіссөз жүргізіп отыр. Дереккөздердің мәліметінше, тараптар трансфер сомасына әлі келісе алмай отыр.
Ахуалды білетін дереккөз хабарлағандай, «Спартак» ойыншы үшін 600 миллион рубль плюс бонустар ұсынып отыр. «Ахматтың» талабы одан жоғары — клуб 600 миллионнан көп ақша және бонустарды талап етеді. Келіссөз әлі жалғасып жатыр.
Тағы оқыңыз
Заварзин: Самородовтың «Спартакқа» трансфері МРТ-дан өте алмағандықтан бұзылды
Самородов «Ахмат» сапына 2024 жылдың 6 тамызында «Ақтөбеден» ауысқан болатын. Оның клубпен келісімшарты төрт жылға есептелген. Ағымдағы РПЛ маусымында (2026/2027) қазақстандық шеткі шабуылшы «Ахмат» түсінде алты матч өткізді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


