«Ньюкасл» капитаны Бруну Гимарайнш 75 миллион фунтқа «Арсеналға» ауысты
Трансфер сомасында ешқандай қосымша шарт жоқ — «Ньюкасл» тек 75 миллион фунт таза түсім алды. Дегенмен бұл соманың бір бөлігі Гимарайнштің бұрынғы клубтарына сатудан кейінгі пайыз шарттары бойынша кетті.
28 жастағы бразилиялық құрама ойыншысы «Арсенал» құрамында маусым басындағы бес матчтың үшеуінде ғана алаңға шығып, жалпы 89 минут ойнады.
«Ньюкаслдің» спорт директоры Росс Уилсонның айтуынша, бұл ауысу клубтың жоспарында болмаған. «Бүкпелемей айтайын — біз Бруну Гимарайншті жоғалтқымыз келмеді. Ақыры сол жағдайға жеткеніміз шынымен өкінішті болды», — деді ол.
Оның сөзінше, трансфер сомасы клубты қанағаттандырғанымен, бұл — жоспарланбаған қадам. «Келіскен сомаға риза болдық, бірақ бұл жоспарымызда жоқ еді. Ал трансфер терезесі кезінде болған қалған дүниенің бәрі жоспар бойынша жүрді», — деді Уилсон.
Спорт директоры клубтың саясатын да түсіндірді: «Егер Премьер-лигада табысты клуб болғың келсе, ойыншыларды сатуың керек. Олай етпесең, табысты клуб болу мүмкіндігің азаяды».


