Жаңалық 5 қыркүйек 2026
Чесноков Ұлттар лигасындағы алғашқы екі матчты өткізіп алады

Фото: scotsman.com
Қазақстан құрамасының шабуылшы жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Ұлттар лигасының алғашқы екі кездесуіне қатыса алмайды. Ол жаңа матч форматы туралы да пікірін білдірді.
Самаралық «Крылья Советов» ойыншысы құраманың 26 қыркүйекте Фарер аралдарына, 29 қыркүйекте Словакияға қарсы сапарлық матчтарында алаңға шықпайды. Құрама 2 қазанда Молдовамен, 6 қазанда Фарер аралдарымен үй қабырғасында ойнайды.
«Шынымды айтсам, қалай болатынын білмеймін. Бапкер жаңа, талаптары да басқаша болуы мүмкін. Алғашқы екі ойынды өткізіп аламын, жігіттерді жан-тәніммен қолдаймын, бірақ команда құрамында боламын», — деді Чесноков.
Тағы оқыңыз
Чесноков ойнамады: «Крылья Советов» «Акронды» жеңді
Ойыншының айтуынша, клуб чемпионаттары арасында үш апталық үзіліс енгізілген жаңа халықаралық формат оған қолайлы. «Ұшу мен жиындар көп уақыт алады. Үнемі алға-артқа жүргенше, бір рет барып 2,5-3 аптаға қалған дұрыс. Құрамаға бейімделуге де уақыт аз кетеді, клубта көбірек жаттығуға болады», — деді ол.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


