Жаңалық 4 қыркүйек 2026
«Қайраттың» болашақ қарсыласы «Рига» Латвия кубогының финалына шықты

Фото: sports.kz
УЕФА Конференциялар лигасында алматылық «Қайратпен» топтық кезеңде кездесетін «Рига» Латвия кубогының жартылай финалында РФС клубын 3:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Матч қарқынды өтті: 3-минутта Херди Пренга есеп ашса, бір минуттан кейін РФС құрамындағы Регинальдо Рамирес есепті теңестірді. 48-минутта Рамирес қайтадан гол соғып, командасын алға шығарды. Алайда 65-минутта Александр Филипович қайтадан тепе-теңдік орнатты. Кездесудің тағдырын 76-минутта Салах Улад М'Ханд шешті — «Рига» 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осы жеңістен кейін «Рига» Латвия кубогының финалында «Аудамен» кездеседі.
Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Рига» УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде 15 қазанда Ригада бетпе-бет келеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


