«Қайраттың» болашақ қарсыласы дағдарыста: «Мьёльбю» бас бапкерін жұмыстан шығарды

Швеция чемпионатының 20-турында «Мьёльбю» «Гётеборгтен» 1:4 есебімен ұтылды. Қарсылас командада голдарды 59-минутта Нино Жугель, 63-минутта Александр Симмельхак, 75 және 79-минуттарда Сэм Ларссон, ал 83-минутта Олле Линдберг соқты.
Бұл жеңіліс «Мьёльбю» үшін қатарынан бесінші болды. Клуб бұған дейін Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Зальцбургтен» 0:1 және 0:3 есебімен, чемпионатта «Юргарденнен» екі рет — 0:4 және 0:2 есебімен ұтылған еді. 15 тамыздан бергі кезеңде «Мьёльбю» бар-жоғы бір гол соғып, қақпасынан 14 доп өткізіпті. Ал 15 тамызда команда «Сириусты» 4:3 есебімен жеңген болатын.
Осы сериядан кейін клуб басшылығы Карл Мариус Аксуммен қоштасуға шешім қабылдады. Жаңа бас бапкер қызметіне Андреас Брённстрём тағайындалды.
Бұл жаңалық қазақстандық жанкүйерлер үшін де маңызды: «Мьёльбю» — УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде алматылық «Қайраттың» қарсыласы. Екі клуб 26 қарашада төртінші турда «Қайрат» алаңында кездеседі.


