Жаңалық 31 тамыз 2026
«Қайраттың» болашақ қарсыласы «Панатинаикос» Грекия чемпионатында ірі жеңіске жетті

Фото: sports.kz
УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде «Қайратпен» кездесетін афиналық «Панатинаикос» Грекия чемпионатының екінші турында «Левадиакосты» 2:0 есебімен жеңді.
Матчтың 3-минутында-ақ «Левадиакос» қорғаушысы Иоаннис Кости өз қақпасына доп кіргізіп алды. Есепті 77-минутта Сирил Дессерс екі еселеді.
«Панатинаикос» бірінші турда ойнамаған еді — себебі команда сол кезде еурокубок іріктеуінде ойнады. Іріктеу кезеңінде афиналықтар ЦСКА 1948 және «Градец-Кралове» клубтарынан басым түсіп, Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.
«Панатинаикос» осы турнирдің топтық кезеңінде дәл «Қайратпен» бір топта ойнайды. Екі команда 22 қазанда Қазақстанда кездеседі.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


