Сәтпаев Агуэроны еске түсірді — «Челси» жанкүйері осылай бағалады
«Бернли» Чемпионшиптің 4-турында «Мидлсброға» қарсы 1:1 есебімен тең түсті, ал Сәтпаев осы кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Осыдан кейін X желісіндегі 18 мың жазылушысы бар «Челси» жанкүйерлерінің Maxwell атты аккаунты Сәтпаевтың ойынына баға берді. «Дастан Сәтпаев маған Серхио Агуэроны қатты еске түсіреді: бойы, қозғалысы, шабуылды аяқтаудағы шапшаңдығы, екі аяғымен бірдей ойнай алуы және жарылғыш күші жағынан. Сәтпаев — өте талантты футболшы, туа біткен бомбардир, керемет реализациямен ойнайды. Ол өз күшіне өте сенімді», — деп жазды Maxwell.
Бұл — жанкүйердің жеке пікірі, дегенмен салыстыру үлкен жауапкершілік жүктейді. Агуэро — «Манчестер Ситидің» бұрынғы шабуылшысы, ол ағылшын Премьер-лигасы тарихындағы 184 голымен үздік алты бомбардирдің қатарында тұр.


