Жаңалық 15 тамыз 2026
Сәтпаев «Челси» құрамында тұңғыш голын соғып, жаттығу кезеңінде 111 минут алаңда болды

Фото: Sportarena.kz (TG)
Дастан Сәтпаев «Челсидің» жаттығу жиынында төрт жолдастық кездесуге қатысып, жалпы 111 минут алаңда болды. 15 тамызда лондондық клуб «Стэмфорд Бридж» стадионында испандық «Реал Сосьедадты» қабылдайды.
Сәтпаев «Уэстерн Сидней Уондерерске» қарсы өткен жолдастық матчта (есеп 6:4) «Челси» құрамындағы алғашқы голын соқты.
15 тамызда, сенбі күні, ағылшын клубы испандық «Реал Сосьедадпен» жолдастық кездесу өткізеді. Тікелей трансляция Қазақстан уақытымен сағат 18:00-де басталады.
Тағы оқыңыз
Сатпаевсіз шыққан «Бернли» «Рексхэмнен» жеңіске жете алмады
«Челсидің» жаңа маусымдағы алғашқы ресми кездесуі 24-25 тамызда Премьер-лигада «Фулхэммен» өтеді. Командаға Энцо Мареска жетекшілік етеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


