Жаңалық 3 қыркүйек 2026
Самородов пен Кенжебек – «Ахматтың» бастапқы құрамында, Зайнутдинов «Динамо» тізіміне ілікпеді

Фото: e0.365dm.com
Ресей кубогының топтық кезеңіндегі 3-турда «Ахмат» Мәскеудің «Динамо» командасымен кездесті. Қазақстан құрамасының ойыншылары Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек «Ахматтың» бастапқы құрамына енді.
Кездесу Мәскеудегі «ВТБ Арена» стадионында өтті, матч Қазақстан уақытымен 21:30-да басталды.
«Динамо» сапындағы қазақстандық Бақтияр Зайнутдинов бұл кездесуге команда құрамына енгізілмеді.
Тағы оқыңыз
Заварзин: Самородовтың «Спартакқа» трансфері МРТ-дан өте алмағандықтан бұзылды
Матчқа дейін «Ахмат» В тобында 4 ұпаймен екінші орында тұрды, «Динамо» 3 ұпаймен үшінші орында келе жатты.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


