Жаңалық 2 қыркүйек 2026
Мануэль Анхель «Реал Мадридтен» «Фулхэмге» ауысты

Фото: pictures.tribuna.com
«Реал Мадридтің» Кастилья командасының бұрынғы капитаны Мануэль Анхель трансфер терезесінің соңғы күнінде лондондық «Фулхэмге» ауысты.
Футболшы «Реал Мадридте» сегіз жыл өткізді, оның алты жылы клубтың академиясында өтті. Анхель негізгі құрам сапында да ойын өткізген.
Трансферді аяқтауға клубтың бұрынғы қорғаушысы Альваро Арбелоа тікелей атсалысты.
Тағы оқыңыз
«Фулхэм» «Реал Мадридтен» үшінші футболшысын алмақ
«Сегіз жылдан кейін өмірімде мәңгілік із қалдырған тарауды жабатын уақыт келді», — деді Анхель.
«Әлемдегі ең үлкен клубта футболшы және адам ретінде қалыптасуыма мүмкіндік бергені үшін «Реал Мадридке» алғысымды білдіргім келеді. Бұл жер мен үшін әрқашан үй болып қала береді», — деп қосты футболшы.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


