Жаңалық 31 тамыз 2026
«Фулхэм» «Реал Мадридтен» үшінші футболшысын алмақ

Фото: pictures.tribuna.com
Ағылшындық «Фулхэм» испандық «Реал Мадридтің» 22 жастағы шабуылшы жартылай қорғаушысы Мануэль Анхельді сатып алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы The Telegraph басылымының тілшісі Майк Макграт хабарлады.
Анхель — «Реалдың» «Ла Фабрика» академиясының түлегі, ол «корольдік клубтың» негізгі құрамында небәрі жеті матч өткізген, барлығы бас бапкер Альваро Арбелоа тұсында болған.
Аталған трансфер жүзеге асса, бұл Арбелоа жетекшілік ететін «Фулхэмнің» «Реал Мадридтен» алған үшінші футболшысы болмақ: клуб бұған дейін Гонсало Гарсия мен Сесар Паласиосты «Реал Мадрид/Кастильядан» өз сапына қосқан болатын.
Тағы оқыңыз
Мануэль Анхель «Реал Мадридтен» «Фулхэмге» ауысты
Трансфер терезесінің жабылуына апта соңына дейін ғана уақыт қалды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


