Трансфер 27 шілде 2026
Моуринью «Реал Мадридтен» бес ойыншыны шығарғысы келеді
«Реал Мадридтің» бас бапкері Жозе Моуринью келесі маусымдағы жоспарында жоқ бес футболшыны анықтады.
Моуринью жазда «Бенфикадан» «Реал Мадридке» ауысқан болатын. Клуб басшылығы Рауль Асенсио мен Гонсало Гарсияны сатуды жоспарлап отыр. Асенсионың агенті Жоржи Мендес ойыншыға жаңа клуб іздей бастады.
Франко Мастантуоно жалдама негізде басқа команда сапында ойнауы мүмкін. Ал Брахим Диас пен Эдуардо Камавинганың келесі маусымға арналған бапкер жоспарында орны жоқ.
Тағы оқыңыз
Моуринью 93-минутта көмекшісіне ашуланды: Реал Мадрид – Интер Милан қызу өтті
Сонымен қатар Дани Себальос, Андрей Лунин, Ферлан Мендиа, Федерико Вальверде және Орельен Чуамени сынды ойыншылардың клубтағы болашағы да айқын емес.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sportilinet.kz


