Жаңалық 1 қыркүйек 2026
ҚФФ бас хатшысы мен құрама бапкері «Оқжетпес» — «Ордабасы» кездесуіне барады
Көкшетауда өтетін «Оқжетпес» пен «Ордабасы» арасындағы Қазақстан премьер-лигасының матчына Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн мен ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван'т Шкип баруды жоспарлап отыр.
Кездесу алдында «Оқжетпес» жаңа логотипін таныстырады.
Матчтан кейін ҚФФ өкілдері мен құраманың бапкерлер штабы Астанаға аттанады. Олар келесі күні «Астана» мен «Елімай» арасындағы кездесуге барады деп жоспарлап отыр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


