Жаңалық 22 шілде 2026
«Ордабасы» жанкүйерлері «Қайратпен» матчқа 11 автобуспен барады
Қазақстан премьер-лигасының 19-турында өтетін «Қайрат» — «Ордабасы» кездесуіне шымкенттік клуб жанкүйерлері 11 автобуспен Алматыға барады.
Әр автобусқа кемінде 50 адам орналасады, яғни жалпы саны 500-ге жуық жанкүйер Алматыға жол тартады деп күтіледі.
Матч 26 шілдеде сағат 19:00-де басталады.
Бұл кездесу турнир кестесінде ерекше маңызға ие: қазіргі таңда «Ордабасы» көш бастап тұр, «Қайрат» екінші орында.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


