«Ордабасы» көш басына оралды, «Ақтөбенің» жаңа бапкері тұңғыш матчта жеңіліс тапты

«Ордабасының» голдарын 19-минутта Елихани Астанов, ал 87-минутта Сергей Малый соқты.
Басқа кездесулерде «Астана» қонақта «Ұлытауды» 2:0 есебімен жеңді. Марин Томасов қонақтардың екі голын да өз атына жазды — 11-минутта және қосымша уақыттың 1-минутында (90+1).
Ал «Ақтөбе» үшін бұл күн ерекше болды: команда жаңа бас бапкер Игорь Черевченконың басшылығымен алғашқы матчын өткізді, бірақ ол сәтсіз аяқталды. «Қызылжармен» сапарда өткен кездесуде «Ақтөбе» 1:3 есебімен жеңіліп қана қоймай, екі футболшысынан айырылды: 45-минутта Темірлан Ерланов екінші сары карточка алып, алаңнан шықса, Сенна Мианг қызыл карточкамен қуылды.
Қалған кездесулерде «Оқжетпес» өз алаңында «Алтайды» 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Павлодарда «Ертіс» қосымша уақытта «Каспийді» 3:2 есебімен жеңіп шықты. Түркістанда «Атырау» мен «Жетісу» 1:1 есебімен тең түсті, ал Астанада «Жеңіс» пен «Елімай» арасындағы кездесу 0:0 есебімен аяқталды.
Бұл турда қызыл карточкалар да жетіп артылды: 77-минутта «Тобыл» ойыншысы Наурызбек Жагоров, ал 76-минутта «Елімай» футболшысы Арсен Аширбек алаңнан қуылды.


