Жаңалық 31 тамыз 2026
«Қайраттың» Конференция лигасындағы келесі қарсыласы «Твенте» ірі жеңіске жетті
Нидерланды чемпионатының 4-турында «Твенте» Леуварден қаласындағы «Кооэй» стадионында «Камбюрді» 4:1 есебімен жеңді. Бұл клуб — алматылық «Қайраттың» УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіндегі болашақ қарсыласы.
Кездесуде голдарды Рюд Нейстад (22-минут), Ваут Вегхорст (26), Марко Пьяцца (47) және Юнес Таха (81) соқты. «Камбюр» есеп ашқан жалғыз голды 88-минутта Иллес Хамаш соқты.
Бұл жеңістен кейін «Твенте» 3 матчта 6 ұпай жинады. «Камбюр» болса 4 турдан кейін бір ұпай да жинай алмай отыр.
«Твенте» мен «Қайрат» Конференция лигасы топтық кезеңінің алтыншы турында 17 желтоқсанда Нидерландыда кездеседі.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


