Жаңалық 16 қыркүйек 2026
«Қайраттың» болашақ қарсыласы «Панатинаикос» Грекия кубогында дубльмен жеңіске жетті

Фото: sports.kz
Грекия кубогының үшінші айналымында «Панатинаикос» «Кифисияны» 2:0 есебімен жеңді — екі голды да марокколық жартылай қорғаушы Аззедин Унахи соқты.
Кездесудің екі голы да екінші таймда соғылды. 76-минутта Унахи 11 метрлік айып добынан есеп ашса, 89-минутта дубль жасады.
Бұл «Панатинаикостың» алты күн ішінде «Кифисияны» екінші рет жеңуі болды: 10 қыркүйекте команда чемпионат аясындағы кездесуде де қарсыласын 3:1 есебімен ұтқан еді.
«Панатинаикос» УЕФА Конференциялар лигасының 2026/27 маусымындағы топтық кезеңде «Қайраттың» қарсыласы болады. Екі клуб арасындағы матч 22 қазанда Қазақстанда өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


