Матч 31 тамыз 2026
Покатилов капитан таңбасымен «Сабахты» жеңіске жетеледі
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов капитан таңбасымен шыққан Әзербайжан чемпионатының 3-турындағы кездесуде «Сабах» «Араз-Нахчыванды» қонақта 1:0 есебімен жеңді.
Покатилов кездесудің барлық 90 минутын алаңда өткізіп, қақпасын бос сақтады. Жалғыз голды 49-минутта Орфе Мбина соққан.
Бұл — «Сабахтың» УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі раундына тарихи жолдама алғаннан кейінгі алғашқы матчы. Жеңістен соң команда 6 ұпай жинады.
Тағы оқыңыз
«Асығыс баға берудің қажеті жоқ» — әзербайжандық журналист Покатиловты қорғады
«Сабахтың» кезекті кездесуі 5 қыркүйекте «Зираға» қарсы өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


