Жуковский Шымкенттегі жеңілістен кейін алаң жағдайын сынға алды

Матч Шымкентте өтті, қонақта ойнаған «Қызылжар» есепті аша алмады. Осыдан кейінгі баспасөз мәслихатында Жуковский команданың неге көп қате жібергенін түсіндірді.
«Керемет атмосфера, осында ойнағымыз келді. Жанкүйер көп, ауа райы жақсы жерлерді сағынып қалыппыз. Сондықтан осында өзімізді танытқымыз келді. Бірақ бірінші алаңдатқан нәрсе — аяқ киім таңдау болды, ол расталды: алаңда байқалады, шым жабынға қатысты елеулі проблемалар бар», — деді ол.
Бапкердің айтуынша, команда өзіне тән емес түрде көп доп жоғалтқан. «Бізге тән емес соншама доп жоғалту болды. Біріншіден, үнемі тайғанап қаласың, доп үнемі секіріп кетеді. Иә, көп қателестік, кінәмізді мойындаймыз. Бірақ мұндай ақаумен басқа команда да бұл алаңда ойнай алмас еді», — деп атап өтті ол.
Жуковский Шымкентте футбол үшін бәрі жасалып жатқанын мойындай отырып, алаң жағдайының жақын арада түзетілетініне үміт білдірді. «Мұнда, Шымкентте, футбол үшін бәрі жасалып жатыр, ол көрініп тұр. Меніңше, түзетеді, себебі команда еурокубокқа да дайындалып жатыр. Құдай қаласа, мұнда бәрі тезірек түзелсін, себебі футболшылар әр екі минут сайын тайғанап жатса — бұл жақсы емес», — деді бапкер.
Бұл жеңілістен кейін «Қызылжар» 23 матчтан 23 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орында тұр. «Ордабасы» болса 23 ойыннан кейін 55 ұпаймен көш бастап тұр.


