БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 30 тамыз 2026

Ромащенко: Реализация жетіспегендіктен ұпайсыз қалдық

Фото: s3-minsk-dc2.cloud.mts.by
«Тобол» бас бапкері Мирослав Ромащенко өз командасының Қазақстан премьер-лигасының 24-турында «Каспийден» 0:1 есебімен жеңілуіне түсінік берді.

Бапкердің айтуынша, командасы қарсыласынан басым ойнағанына қарамастан, қолайлы сәттерді голға айналдыра алмады.

«Бүгінгі матч бойынша айтарым біреу-ақ: қаншалықты басым ойнасаң да, нәтижеге жету үшін реализация керек. Реализация болмаса, барлық әрекетің матчты плюспен аяқтауға жеткіліксіз болып қалады. Бүгін бізге ұпай әперуге кедергі болған дәл осы жайт. Соншама мүмкіндік жасадық, тіпті сондай тиімді жағдайдан гол соқпай қалуды ойлап табу керек еді. Ал нәтижесінде бір қарсы шабуылдан гол жеп қойдық, доптың біздің қақпаға қалай түскенін өзіміз де түсінбей қалдық», — деді Ромащенко.

Тағы оқыңыз
Ромащенко: Бес ойыншысыз ойнасақ та, үйде үш гол соғу жаман емес

Бұл жеңілістен кейін «Тобол» 23 матчтан кейін 28 ұпаймен турнир кестесінің оныншы сатысында тұр. «Каспий» болса 26 ұпай жинады.

Тағы оқыңыз

Ромащенко: «Иртышпен» матчта бір сәттен басқа бәрі мінсіз болды
Ромащенко: Бес ойыншысыз ойнасақ та, үйде үш гол соғу жаман емес
Ромащенко «Паневежиске» қарсы жауап матч алдында ойыншылардың жағдайын түсіндірді
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz