БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Трансфер 25 тамыз 2026

Агент: Самородовтың құны бір жылда бес есе өсуі таңғаларлық

Фото: e0.365dm.com
«Ахматтың» қазақстандық шеткі шабуылшысы Максим Самородовтың мәскеулік «Спартакқа» ауысуы мүмкін деген қауесетті футбол агенті Тимур Гурцкая түсіндірді.

«Это футбол, брат!» YouTube-арнасында сөйлеген Гурцкаяның айтуынша, «Спартак» 24 жастағы шеткі шабуылшыны 8 миллион еуроға сатып алуды қарастыруда.

«Сондай қауесет тарады: Самородов осы аптада «Спартакқа» ауысуы мүмкін көрінеді. Қанша? Сегіз миллион еуроға. Мен түсінгендей, Самородовты бір жыл бұрын бір-бір жарым миллион еуроға сатып алған. Он орында тұрған командада адамның бағасы бес есе өсуі мүмкін екеніне мен сенбеймін», — деді Гурцкая.

Тағы оқыңыз
Самародовтың жарақаты: Черчесов жағдайды түсіндірді

Самородов ағымдағы маусымда «Ахмат» құрамында 5 матч өткізіп, бір гол соқты. Трансфер туралы ресми хабарлама жоқ.

Тағы оқыңыз

Самородов MLS клубтарының назарында
ФИФА «Ахматқа» трансфер тыйымын салды — қазақстандық шабуылшылар назарда
Самародов «Спартак» тарапынан қызығушылық туралы әңгімеге түсініктеме берді
Максим Самородов: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: t.me