Жаңалық 21 тамыз 2026
Сәтпаев «Бернли» баспасөзіне алғашқы сұхбатын берді

Фото: sports.kz
«Челсиден» жалға ойнап жүрген қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Бернли» баспасөзіне алғашқы сұхбатын берді.
18 жастағы шабуылшы «Челсиге» «Қайраттан» 2026 жылдың 15 тамызында ауысқан болатын. Лондон клубымен келісімшарт жеті жылға, яғни 2033 жылдың жазына дейін жасалды.
«Челси» Сәтпаевты сатып алу құқығынсыз бір маусымға, 2027 жылдың маусымына дейін «Бернлиге» жалға берді.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Қазақстандық шабуылшы жазғы дайындық кезінде өзін жақсы көрсетті: «Челси» құрамында «Батыс Сидней Уондерерске» қарсы бақылау кездесуінде тұңғыш голын соғып, командаға Индонезия Суперкубогын жеңіп алуға көмектесті.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


